Министр Дана Жүнісованың ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетуінің себебін айтты

04 Қыркүйек 2018, 11:49
0
Министр Дана Жүнісованың ұлттық экономика вице-министрі қызметінен кетуінің себебін айтты -

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Дана Жүнісованың вице-министр қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл жұмыстан шығардық деген сөз емес. Ол жақсы жұмыс істеді. Ал қазір ол басқа маңызды жұмысқа ауысты, отбасындағы және жеке жағдайларына байланысты осы қызметтен кетуге мәжбүр болды. Ешқандай да сөгіс болған жоқ, керісінше, оған атқарған жұмысы үшін көп алғыс айтамыз", - деді министр Сүлейменов.

Еске сала кетейік, кеше, 3 қыркүйекте Дана Жүнісованың ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Оның орнына бұл қызметке Әсет Ирғалиев тағайындалды. Ол вице-министр қызметіне тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Жобалауды басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай