06 наурыз 2017 17:36

Министр Дүйсенова 102 жастағы астаналық кейуананы 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласының 102 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Дана Досполованы келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне суілтеме жасап.


Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласының 102 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Дана Досполованы келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне суілтеме жасап.

Министр кейуанаға гүл шоғы мен теледидарды сыйға тартты.

"Сіз өз өміріңізде көп жағдайды бастан кешірдіңіз. Басқа да қазақстандықтармен бірге тылда аянбай еңбек етіп, Ұлы Отан соғысындағы жеңісті жақындатуға үлес қостыңыз. Одан кейін елдің еңсесін көтеруге атсалысып, балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ іргетасын қаладыңыз. Оларды Отанды сүюге, оны көркейту жолында талмай еңбектенуге үйреттіңіз. Көктемнің осындай тамаша сәтінде Сізге шексіз тағзым мен ілтипат білдіруге рұқсат етіңіз. Шын жүректен мықты денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке тілеймін! Жақындарыңыздан тараған қамқорлық пен сүйіспеншілік сезімі мәңгілік сарқылмасын", - деді Тамара Дүйсенова.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ҚР ЕХӘҚМ әйелдер қауымының әлеуметтік әлсіз топтарына айрықша назар аударып отыр. Қазір Қазақстанда 8 мыңнан астам ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілген соғысқа қатысушылар; ҰОС жылдары тылдағы жанкешті еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО орден-медальдарымен марапатталған 4 мыңнан астам әйел; ҰОС жылдары тылда кем дегенде 6 ай жұмыс істеген 98 мыңдай әйел бар.

Сонымен қатар, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған 240 мыңнан астам көпбалалы ана; төрт және одан да көп бала тәрбиелеудегі 249 мыңдай көпбалалы отбасы мемлекеттік қолдауға ие.

Бұл санаттағы азаматтардың барлығы арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Сондай-ақ, 53 жастан асқан 326 мың көпбалалы ана жеңілдікті зейнетақы алушы болып есептеледі.

2016 жылы, ана мен баланы қолдау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру аясында 438,1 мың отбасы бала туғанға және оның күтіміне байланысты жәрдемақымен; 175,9 мың аз қамтылған отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақымен; мүгедек баласы бар 73,4 мың отбасы олардың күтіміне қажет жәрдемақымен қамтамасыз етілгені айта кету керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети