Министр Дүйсенова Астанада дүниеге келген төртемнің ата-анасын құттықтады

09 Желтоқсан 2016, 16:07
0
Министр Дүйсенова Астанада дүниеге келген төртемнің ата-анасын құттықтады - Төртемнің ата-анасы
Төртемнің ата-анасы

Бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2 желтоқсанда Астана қаласы №1 перинаталдық орталығында төртемді дүниеге әкелген Салтанат Спанованы құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр ана мен баланың денсаулығын қорғау - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ғана емес, мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып отырғанын атап айтты.

"Отбасында бірден төрт дүиеге келуі - үлкен бақыт. Мен Сіздерге және Сіздердің балапандарыңызға қуатты денсаулық пен амандық тілеймін", - деді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметші Асхат Спановтың отбасында 2 желтоқсан күні екі ұл, екі қыз кесарев тілігі арқылы дүниеге келді. Ер балалардың салмағы 1490 және 1070, қыздардың салмағы - 1140 және 1070 грамм. Балалар мен олардың анасының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Олар медициналық қыметкерлердің бақылауында. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай