09 қараша 2016 17:57

Министр Ермекбаев Facebook желісіне тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Facebook парақшасындағы алғашқы жазбасында азаматтардан ведомствоның жұмысына қатысты қандай да бір өз пікірлерін бөлісуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Facebook парақшасындағы алғашқы жазбасында азаматтардан ведомствоның жұмысына қатысты қандай да бір өз пікірлерін бөлісуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Facebook пайдаланушылары! Осы пост арқылы Facebook желісінде жеке парақшамды ашып отырмын.
Жеке парақшаны ашуыма негізгі себеп қазақстандықтардың, шетелдік азаматтар мен халықаралық қоғамдастықтың өзім басқарып отырған Министрліктің қызметіне байланысты қызығушылық танытып отырғаны түрткі болғанын жеткіземін. Министрліктің алдында тұрған маңызды міндеттер жетерлік. Алайда бүгінгі таңда басты міндетіміз -халықпен тұрақты, әділ диалог орнату болып табылады. Ендігі жерде осы парақша арқылы азаматтар министрліктің қызметі туралы толық мәліметтермен танысып, сондай-ақ жеке пікірлерімен бөлісуге мүмкіндіктері болады деген ойдамын. Яғни, біз әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасынан белсенді азаматтық ұстанымы бар "бейтарап" көмекшілерді табуға мүмкіндігіміз бар", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, оның жеке парақшасында әрбір қазақстандық қоғам және еліміз үшін маңызды болып табылатын азаматтық сектор мен діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет, діни экстремизмнің белең алмауы және заманауи жастардың қалыптасуы секілді мәселелерді шешуде конструктивті үлес қоса алады. Сондай-ақ, ол азаматтардың көмектері арқылы мемлекетке пайда әкелуге болатыны жайлы, экономикалық, мәдени және құқықтық қарым-қатынастар дамыта отырып азаматтық қоғамды нығайтатынына сенім білдірді.

Еске салайық, 2016 жылдың 13 қыркүйегінде Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысының жарлығымен Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети