07 қараша 2018 09:28

Министр Қасымбек бюджеттік әуекомпанияның ұшу бағасы қанша болатынын шамалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда бюджеттік әуекомпания 2019 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда бюджеттік әуекомпания 2019 жылдың мамырынан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен аптада сіздер Мемлекет басшысының "Эйр Астана" басшылығы мен "Самұрық-Қазына" директорын қабылдағанын білесіздер. Президент төмендетілген тарифпен немесе бюджеттік әуекомпаниясын құруды тапсырған болатын. Мамырда "Эйр Астана" өкілдерінің жоспарына қарағанда, бюджеттік компания өз жұмысын бастайды. "Эйр Астана" компаниясының директорлар кеңесінде компания құру туралы шешім қабылданып қойды", - деді Қасымбек.

Министр әлемдегі көптеген ірі әуекомпанияның өз бюджеттік компаниялары бар екенін айтып өтті.

"Lufthansa, British Airways компанияларында, ресейлік "Аэрофлотта". Мысалы, "Победа" әуе компаниясының бөлімшесі - "Аэрофлоттың" бөлімшесі. (...) Осылайша, біз "Эйр Астана" жарты жылда өз компаниясын құрады деп жоспарлап отырмыз", -  деді Қасымбек.

"Ол неге арзан болады? Онда креслолар бір-біріне жақын болады. Жүктің ақшасын бөлек төлейсіздер. Бүгінде заңнамаға сәйкес, әуе билетінің бағасына жүк бағасы да кіруі тиіс. Мысалы, сіз польшалық компаниямен ұшатын болсаңыз, онда тарифтер арзан шығады. (...) Көбі осындай арзан бағамен ұшқысы келеді. "Эйр Астана" компаниясындағылардың айтуынша, бүгінде Астана-Алматы бағытының орташа бағасы 32-34 мың теңге. Ал бюджеттік компанияда осы бағыт бойынша шамамен 16-18 мың теңге болады деп болжанып отыр", - деді инвестициялар және даму министрі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети