11 ақпан 2014 13:14

Министр құрылысшылар ереуіліне қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова. ©Марат Әбілов Тамара Дүйсенова. ©Марат Әбілов

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "Абу-Даби Плаза" құрылысшыларының ереуіліне қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дүйсенованың айтуынша, жеке секторда жалақыны мемлекет белгілей алмайды. "Бұл - әлеуметтік серіктестіктің мәселесі, жұмыс берушімен жеке еңбек келісімшартына отырған әрбір адам ұсынылған жұмысқа орналасқысы келсе, оған өз еркімен қол қояды. Бұл жеке келісімшарт деп аталады", - деді министр. "Егер сол салада қандай да бір мәселелер болса, оны әлеуметтік серіктестік аясында, егер кәсіподақ болса, кәсіподақпен немесе жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірге талқылау керек. Олар үкімет, жұмыс беруші және жұмысшыдан тұратын республикалық үшжақты комиссияға хабарласа алады. Біз мәселені әлеуметтік серіктестік деңгейінде шеше аламыз. Басқа жағдайда мемлекет жеке сектордағы жалақы мәселесіне араласа алмайды", - дейді Дүйсенова. Еске сала кетейік, кеше "Абу-Даби Плазаны" салып жатқан 700 құрылысшы жалақының мардымсыздығын айтып, ереуілге шыққан еді. Жұмысшылардың айтуынша, "Арабтек" компаниясы бес ай бойы төмен жалақы төлеп келеді. Мәселе жұмаға дейін шешілмесе, құрылысшылар еңбек департаментіне шағымданбақ. Ал жұмыс беруші тарап өкілдері жұмысшыларға заңнамаға сәйкес жалақы төлеп жатқанын айтып отыр. Дегенмен компанияның атқарушы директоры Мұрат Жұманов еңбек дауын жұма күнге дейін шешетінін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети