24 ақпан 2017 12:50

Министр мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдерді қоғамдық жұмыстардан босатуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы бір маңызды міндет - мұғалімдерді өз саласына жатпайтын жұмыстармен айналысуға мәжбүрлеуді тоқтату. Бұл көлемді жұмыс, алайда біз осыған кірісеміз. Бүгінде біз мұғалімдердің сараптамаларды, карталарды, жол жүру билеттерін жинайтынын, тексеріс өткізетінін білеміз. Бірінші кезекте тексеріспен айналысуды, статистикалық мәліметтерді жинауды тоқтатамыз. Механизмді жасап алып, үкіметтен бірқатар қаулы шығартамыз, бұл арқылы басқа органдар мұғалімдердің еңбегін пайдалана алмайтын болады", - деді Ерлан Сағадиев.

Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс депутаты қазақстандық мұғалімдердің, тәрбиешілердің және педагогикалық мекемелердің жұмысшыларының жалақысын өсіруді ұсынған. Бұған Сағадиев педагогтардың оқыту жүктемесін азайтуды ұсынып, жауап берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети