20 шілде 2018 14:52

Министр Назарбаевтың сынынан кейін жолдарды 2025 жылға дейін қалпына келтіруге уәде берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2025 жылға дейін еліміздің барлық жолын сапалы етуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2025 жылға дейін еліміздің барлық жолын сапалы етуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елбасы кеше премьер-министрмен кездесуінде жол торабына үлкен қаражат бөлінгенін және әлі бөлініп жатқанын айтқан. 2020-2021 жылға дейін республикадағы барлық дерлік жол торабы жақсы жағдайға келіріледі. Қазір алдымызда тұрған міндет - жергілікті жол желілерінде осындай жұмыс жүргізу. Сондықтан, Елбасының тапсырмасына сәйкес жыл сайын облыстық, жергілікті және қала ішіндегі жолдар желісін жақсарту және дамыту үшін 50 пайыз жергілікті және 50 пайыз республикалық бюджет қағидаты бойынша 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл жыл сайын жергілікті тораптағы 4 мың шақырым жолды жөндеуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2025 жылға қарай жергілікті жолдар желісі жақсы жағдайда болады", - деді министр ОКҚ брифингісінде.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыны кеше, 19 шілдеде айтылған еді.

"Біз мемлекеттік маңызы бар жол саламыз. Ал аудан арасында жол болмаса, адамдар оны сезбейді. Ауыл, аудан арасында жол пайда болуы үшін, кейбір нәрсені кейінге қалдыруға, тоқтатуға болады деп министрге тапсырма бергенмін. Себебі онда адамдар жүріп-тұрады, жүк тасымалдайды", - деп нұсқады Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети