21 тамыз 2019 08:58

Министр Райымқұлова "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтоты Райымқұлова бөліскен жазбаның суреті Ақтоты Райымқұлова бөліскен жазбаның суреті

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті достар, қазақстандықтардың көпшілігін алаңдатқан Алматы маңындағы "Көк Жайлау" тау шаңғысы курортын салу мәселесі басты назарда. Қоғамда пікірталас тудырған мұндай маңызды мәселе салиқалы жауапты қажет етеді. Қоғамның мүддесін қорғап, жанашырлық танытқан қаламгерлерге айтар алғысым да шексіз. Өкінішке орай, аталған бастама бойынша журналистерге жауап беруге мүмкіндігім болмады. Осы тақырып бойынша қысқаша түсініктеме беру мүмкіндігі енді ғана туды", - деп бастады мәлімдемесін министр.

Ол биыл сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша курорт құрылысы тоқтатылғанын еске салды.

"Мемлекет басшысы бұл мәселеде асығыстық танытпай, сарапшылардың талдауларын зерттеп, қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет екенін атап көрсетті. Сол кездегі Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен "Көк Жайлау" курортының құрылысы жобасын толықтыру және тоқтату қажет екенін айтқан болатын", - дейді ол.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кез келген үкіметтік ведомство сияқты бірінші кезекте құқықтық нормативтік актілерді зерттеп дайындаумен айналысады.

"Көп жағдайда мәдени, спорт немесе туристік нысандарды салу туралы шешімді жергілікті атқару органдары: әкімдік, мәслихат, қоғамдық кеңес (болған жағдайда) қабылдайды. "Көк Жайлау" курорты бұл аядан тысқары шығып, ол бойынша шешімді Президент қабылдады. Қазіргі сәтте Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бәрімізге белгілі: "Көк Жайлау" жобасы тоқтап тұрғанын жеткізгім келеді", - деп пікір білдірді министр Ақтоты Райымқұлова.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети