04 наурыз 2014 12:55

Министр ведомствоның қайта құрылатыны жайлы ештеңе білмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев. ©Мансұр Хамит ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев. ©Мансұр Хамит

ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев министрліктің қайта құрылатыны туралы ақпараттан бейхабар деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мұндай шешімдерді елдің басшылығы терең талдаулар негізінде қабылдайды. Сондықтан олар қандай болса да игілік үшін жасалады. Қазір министрлік бұрынғы режимде жұмыс істеп жатыр, қандай да бір басқа ақпарат менде жоқ", - деді Жұмағалиев үкімет отырысы сыртында журналистердің сұрағына жауап бере отырып. Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Көлік және коммуникация министрлігі базасында жаңа ведомство - Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі құрылатыны туралы хабар тараған еді. Қайта құрылымдау ақпараттық кеңістікті деструктивті әсерлерден қорғау қажеттілігімен байланысты делінген болатын. Айта кетейік, Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі Ресей Федерациясында бар. Бұл ведомство Ресейде 2008 жылы құрылған. Басшысы - Николай Никифоров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети