01 наурыз 2017 20:04

Министрдің орынбасары Павлодарда балаларды ажалдан аман алып қалған полицейдің жағдайын білді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов бірінші қалалық ауруханада Павлодардан санитарлық ұшақпен жеткізілген Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітовке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Демеуов ІІМ басшылығы тарапынан өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде батырлық пен ержүректілік танытқан Мұрат Насыровқа алғыс айтты.

Ол полиция қатарында өзінің ісіне адал, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар қызмет ететінін атап өтті.

"Біз өз өмірін қатерге тіге отырып, құқықтық тәртіпті қорғайтын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жауапкершіліктің үлгісі болып танылатын қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз - олар ішкі істер органдарының негізгі қазығы және сенімді тірегі", - деп атап айтты Демеуов.

Министрдің бірінші орынбасары полиция сержантына басшылықтың және жеке құрамның атынан тез айығып, отбасына аман-есен оралуына және қиындығы мол қызметте табыс тіледі.

Баянауыл ауданынан облыстық спартакиадаға қатысушы балаларды сүйемелдеп келе жатқан жол-көлік полициясының экипажы өз өмірін қатерге тігіп, қарсы жолда келе жатқан жүк машинасы мен автобустың соғылуына жол бермеген еді. ЖКО-ның жолын кесу үшін жүргізуші Мұрат Нұрсейітов жолда "Лада Гранта" қызметтік көлігін көлденең бұрды. ЖКО нәтижесінде жүргізуші - полицей көптеген жарақтарымен Павлодар қаласының қалалық ауруханасына жатқызылды. Астанаға алып келгенге дейін он күннен астам уақыт қалалық аурыханада ем алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети