13 мамыр 2014 15:40

Министрлер журналистер үшін баяндама жасауды қойды - Сұлтанов

ПОДЕЛИТЬСЯ

©on.kz ©on.kz

Журналистер Министрлер кабинетінің отырысына қатыспай кеткеннен кейін министрлер өздерінің саяси имиджін ойлауды қойып, нақты іспен айналысатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сілтеме жасап. 


Журналистер Министрлер кабинетінің отырысына қатыспай кеткеннен кейін министрлер өздерінің саяси имиджін ойлауды қойып, нақты іспен айналысатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімов келгелі бері бұқаралық ақпарат құралдары Үкімет үйіне барып, Министрлер кабинетінің отырысын онлайн режимінде көрмей жүр. Жаңа ережеге сәйкес, Үкіметтің әрбір отырысынан кейін Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлер Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне барып, арнайы баспасөз мәслихаттарын өткізуі тиіс. Сол жерде журналистер көкейде жүрген сауалдарын қоя алады. Ал оның барлығы "24 kz" телеарнасында тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Бүгінгі брифингте журналистер осы мәселені тағы бір мәрте көтеріп, Үкімет мүшелеріне олай жұмыс істеу қаншалықты ыңғайлы екенін сұрады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев соның арқасында біраз уақыттың үнемделетінін жеткізсе, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов біреулер үшін ащы болса да, шындықты айтты.

"Шыны керек, Үкіметтің қазіргі шапшаң жұмысы біраз мәселелерді қарастыруды қажет етеді. Бізде журналистер үшін жасалатын баяндамаларға уақыт жоқ. Министрлер кабинетінің қазіргі отырыстары жұмыс кеңестері форматында өтіп тұрады. Оған басқа да құзіретті органдар шақырылады. Мәселен, бүгінде біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан Үкіметтің кейбір мүшелері өз зейінін басқа нәрсеге аудармауы қажет. Енді, олар саясаткерлер ғой. Оны да түсінеміз. Егер ол кеңесте (Үкімет отырысында - авт.) өзінің саяси сөзіне көбірек мән беріп, тұра беретін болса, онда біз біраз уақытты жоғалтамыз", - деп атап көрсетті Б.Сұлтанов.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети