Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Министрлік алғашқы әскери дайындық пәнінен бас тарту мүмкіндігін қарастырады

19 Қараша 2014, 13:54
0
©РИА Новости
©РИА Новости

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ведомствоның Алматы колледжіндегі төтенше оқиғадан кейінгі әрекеті туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз сол күні-ақ комиссия құрып, сол күні аймақтарға барлық мектептер мен колледждердегі алғашқы әскери дайындық кабинеттерінде түгендеу жүргізуге өкім жолдадық. Алғашқы әскери дайындық сабағының өзіне, Алматы әкімінің алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың қажеттілігін қайта қарау туралы ұсынысына келсек, біз бұл мәселені қарастыратын боламыз. Қазір оқу жылының ортасында одан бас тарту мүмкін емес. Бірақ біздің стандарттар мазмұнын жаңарту жөніндегі жұмысымыздың шеңберіне оны талқылайтын боламыз", - деп жауап берді Сәрінжіпов Парламент Мәжілісі сыртындағы сұхбат кезінде Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ахметжан Есімов Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке колледждегі граната жарылысынан соң оқу орындарында алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың қажеттілігін қайта қарауды ұсынған болатын. 18 қараша күні Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев алғашқы әскери дайындық сабақтарының оқытыла беретінін айтты. Бірақ Сәрінжіпов әңгіменің биылғы оқу жылы туралы екенін, алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту қажеттілігі келесі жылы қайта қарастырылатынын түсіндірді. 

17 қараша күні 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз Светлана Яковлева қайтыс болды. Кеудесі мен басына жарықшақ тиген 12 адам ауруханаға түсті, олардың бесеуіне операция жасалып, жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Болған оқиғаға байланысты "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Әскери гранатаның жарылу себебін анықтаумен прокуратура, әскери прокуратура және ішкі істер департаменті мамандары айналысып жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай