12 қаңтар 2017 19:48

Министрлік бірінші сыныптарға арналған оқулықтардағы "күрделі" жаттығуларды түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу бағдарламаларын әзірлеуші мұғалімдер бірінші сыныптарға арналған оқулықтардағы "күрделі" жаттығуларды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап. Мұның алдында Алматы тұрғыны бастауыш сыныптарына арналған оқулықтардың мазмұнына шағымданып, ведомствоға видеожолдау жасаған еді.


Оқу бағдарламаларын әзірлеуші мұғалімдер бірінші сыныптарға арналған оқулықтардағы "күрделі" жаттығуларды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап. Мұның алдында Алматы тұрғыны бастауыш сыныптарына арналған оқулықтардың мазмұнына шағымданып, ведомствоға видеожолдау жасаған еді.

Педагогтардың айтуынша, бүгінде бастауыш мектепте баланы жазу мен оқуға ғана емес, білуге құмарлығын шыңдап, сыни ойлай білу машығын, функциялық сауат негіздерін жетілдіру маңызды.

"Сондықтан білім берудің жаңартылған бағдарламалары уақыттың талабына, оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың жаңа әдістеріне және балалардың жас ерекшеліктеріне лайықталып құрастырылған. Әдетте "Физика", "Химия", "Биология", "География" оқушылардың қабылдауына қиын пән болып саналады. Сондықтан бастауыш мектепте әлемнің ғылыми түсінігін, күрделі терминдерді қабылдауға дайындығын қалыптастыру үшін "Жаратылыстану" пәні енгізілген. Бағдарлама "бұрамалы" әдістің негізінде құрылған, бұл әдіс білім мен машықты жастайынан бірте-бірте тереңдетіп, кеңейте түсу арқылы игеруді білдіреді", - деді педагогтар. 

Құрастырушылардың мәліметінше, бірінші сынып оқушылары ғылым әлемімен ойын мен қызықты зерттеулер арқылы танысады.

"Ата-аналардың видеожолдауда келтіріп отырған үш сұрақтың негізінде мысалды қарастырып көрейік. Мәселен, бірінші сыныпта оқитындар үшін "қозғалыс траекториясы" деген термин күрделі болып есептеледі. Бұл термин қарапайым эксперимент арқылы оқытылады: ойыншық машина мен металл құмның үстінде қозғалыс кезінде қандай із қалдырады? Бұл із қозғалыстың траекториясы болып саналады. Осылайша, оқушылар траектория жайлы түсінік алады, ал оны орта мектепте тереңдетіп оқи бастайды", - деді құрастырушылар.

Еске салайық, ата-аналар видеожолдауында "минералды тыңайтқыштар" туралы түсінікті күрделі деп есептейтінін айтқан. 

"Гүлдерге қалай қарау керек" ("Жаратылыстану" оқулығы, 1-сынып, 19-бет) деген тақырыптың аясында өсімдіктерге қараудың қарапайым машықтарын үйрету қарастырылған. Балалар өсімдіктің өсуі үшін оның топырағына нәрлі заттардың қажет екені туралы алғашқы түсінік алады. Жасалған қарапайым эксперименттер балалардың бойында алғашқы зерттеу машығын, өзіндік ойлауын, бақылауын дамытады. Оқулықтардағы барлық жаттығу сабақта отырып орындауға берілген. Мұндай тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалімге оқулыққа арналған әдістемеде түсіндірме берілген", - дейді оқулық авторлары.

Ал мектеп оқушысының рюкзагына келсек, ҚР БҒМ мәліметінше, типтік оқу жоспарына сәйкес бірінші сыныпта бес күндік оқу апталығы енгізілген, күніне 4-5-тен аспайтын сабақ өткізіледі. Ереже бойынша, бесінші сабақтар - дене шынықтыру, көркем еңбек және ән-күй.

"Санитарлық нормалар бойынша, бірінші сынып оқушыларының оқулығы 300-400 граммнан аспайды (мәселен, "Жаратылыстану" оқулығының салмағы - 270 грамм, ал оған арналған дәптердің салмағы -200 грамм, "Дүниетану" оқулығы - 300 грамм, дәптері - 196 грамм, "Математика" оқулығы - 400 грамм, математика бойынша дәптер - 300 грамм). Осылайша, бір күнге арналған төрт оқулық пен жұмыс дәптерлерінің салмағы екі келіге жетпейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы тұрғыны ҚР білім және ғылым министріне Facebook желісінде видеожолдауын жариялаған болатын. Ол видеода бірінші сынып ата-аналары атынан балалардың оқулығына қатысты ескерту айтты. Салтанат Тәжиеваның ойынша, оқулықтардағы жаттығулар бастауыш сынып оқушыларына тым күрделі болған. 

Әйел адам нөлінші сыныптарға арналған "Қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері" және бірінші сынып оқушыларына арналған "Жаратылыстану" оқулықтарынан мысал келтірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети