07 маусым 2018 16:04

Министрлік IELTS сертификаттарына қатысты шыққан даудан кейін талапкерлердің жеке құжатын тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorvesti.ru © gorvesti.ru

Білім және ғылым министрлігі таяуда Астанадағы медициналық университетте IELTS сертификаттары үшін шыққан даудан кейін әрбір студенттің жеке құжатын тексеретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрлігі таяуда Астанадағы медициналық университетте IELTS сертификаттары үшін шыққан даудан кейін әрбір студенттің жеке құжатын тексеретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрлік жоғарғы оқу орындарының көрсеткіштері бойынша сараптама жүргізіп жатыр. (...) Тексеру парағындағы мәліметтерге қарағанда, ЖОО-дан кейін оқуға түскендердің құжаты мен талапкерлердің шет тілін тапсырғаны жайлы сертификаттар тексерістен өтеді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, министрлік өкілдері 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында еліміздегі 21 ЖОО-ның тексерілгенін айтып өтті. Тексеріс қорытындысы бойынша білім берудің мемлекеттік стандартына қатысты заңнамалардың бұзылғаны анықталды. Ведомство мәліметінше, оларға қатысты шаралар қолданылды (әкімшілік айыппұл, лицензия тоқтатылды).

"IELTS сертификаттарына қатысты ереже бұзушылықтар анықталмады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, биыл сәуір айында "Астана" университетіне түсу үшін IELTS сертификатын "сатып алған" студенттердің оқудан шығарылғаны хабарланған еді. Білім және ғылым министрлігі жүргізген тексерістердің нәтижесінде базада тіркелмеген 117 сертификаттың бар екені анықталған болатын.

Жалған сертификат сатып алған студенттің бәрі оқудан күзде шығарылуы тиіс болған. Бірақ соттың бұл шешімі уақтылы орындалмаған. 

Ал кейінірек білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жалған IELTS сертификаттары үшін оқудан шығарылған студенттерге қатысты жағдайды түсіндіріп берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети