Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Министрлік көліктердің газбен жүргенін қолдайды

27 Тамыз 2014, 14:56
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақстан энергетика министрлігі көліктерді газбен жүргізу идеясын қолдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Астанада өткен брифингте энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

"Бүгінде еліміздің әр өңірінде газ құю стансалары ашылуда. Станция санын арттыру үшін нарықта отынның бұл түріне сұраныс одан әрі арта түсуі тиіс. Министрлікте отынның осы түрін кеңінен пайдалану қолдау тапты. Астанада қазірдің өзінде Эко-таксилер сығымдалған газбен жүреді. Соңғы уақытта Газельдердің басым көпшілігі отынның осы түрін пайдаланады. Сондықтан біз осы саланы дамытудың жолдарын қарастырып жатырмыз", - деді Ұзақбай Қарабалин журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде.

Вице-министр сондай-ақ, министрлікте сығымдалған газды таратуды ретке келтірудің жолдары қарастырылып жатқанын да айтты. "Дәл қазіргі уақытта көлікке қажетті отынның бағасы зауыттан шыққан көлеміне байланысты өзгеріп тұр. Қазір оның бағасы тоннасына 38 мың теңгені құрауда. Газды тарататын жанармай құю стансалары жіберген тапсырыстарға сай біз әр облысқа қанша көлемде отынның дәл осы түрі қажет екенін анықтау үстіндеміз. Алайда соңғы бағаны әр өңір өзі қояды. Биыл біз газды жеткізумен айналысатын ірі тасымалдаушылармен пропан, бутан секілді газды жеткізу бойынша меморандумға қол қойдық", - Ұзақбай Қарабалин.

Вице-министр автогаз өнімдерін өндіруші ірі компаниялармен еліміздің әр өңірінде жанармай құю станцияларын ашу жөнінде келісімнің барын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай