Министрлік митинг кезінде полицейлерге шабуыл жасалған сәттің видеосын таратты

09 Шілде, 15:47
0
Министрлік митинг кезінде полицейлерге шабуыл жасалған сәттің видеосын таратты - видео кадры
видео кадры

Ішкі істер министрлігі 6 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг кезінде түсірілген видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін қызметкерлерге қарсы күші қолданылды, сондай-ақ басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Көлік қозғалысын жабуға және жолдарда кептеліс жасауға әрекет жасалды", - делінген хабарламада.

"Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша шаралар қабылдады. Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ.

Ведомствода ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермейтінін және азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте қорғау жөнінде шаралар қолданатынын мәлімдеген.

6 шілдедегі митингіде 100-ден аса адам ұсталды - ІІМ

Айта кетейік, 6 шілдеде, мереке күні, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады.

Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады.

Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары мен травмат қаруы тәркіленген. "Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай