13 қазан 2016 19:56

Министрлік Тәуелсіздікке байланысты қазақстандықтарға 25 мың теңге таратуға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Forbes.kz © Forbes.kz

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қазақстандықтарға біржолғы ақшалай төлем берілетіні жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, мұндай ақпарат WhatsApp мессенджері арқылы таратылған болатын.

"ҚР Парламентінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 2016 жылғы 1 қарашадан бастап әрбір азаматқа 25 000 теңге төлем берілетіні туралы заң жобасын бекіткені туралы веб-сайттар мен интернет-порталдардағы, сонымен бірге, WhatsApp мессенджері арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz  ресми сайтында жарияланады", - деп хабарлады министрік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети