15 сәуір 2021 15:30

Министрлік вакцинадан кейін коронавирус жұқтыру дерегіне қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыруына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыруына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстанда қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцина құрамында тірі вирус жоқ екенін, сондықтан вакцина коронавирусты тудырмайтынын түсіндірді.

"Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір бөлігі ғана бар. Кейін инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл вирусты танып, оны жояды. Осыған байланысты, адам вакцинадан вирус жұқтырмайды және басқаларға жұқпалы болмайды", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, инфекцияға қарсы вакцина салдырған адамдардың коронавирус жұқтыруы антиденелердің 12-14 күннен кейін пайда болуына байланысты.

"Инфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинаның екі дозасын, яғни вакцинаның толық кешенін алу қажет. "Спутник V" вакцинасын әзірлеушілердің деректері бойынша, кейбір адамдарда жеке ерекшеліктеріне байланысты иммунитеттің қалыптасуы ұзақ уақытқа созылуы мүмкін", - деп қосты Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, бұған дейін инфекцияға қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. 
 
Ведомство коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын айтты.

Медицина докторы, биолог және Medsupportkz басшысы Ботагөз Каукенованың айтуынша, адам вакцинациядан кейін, вакцинация салынған күні де коронавирус жұқтырып алуы мүмкін.

"Вакцинада антиденелер жоқ. Оларды вакцинаға жауап ретінде сіздің ағзаңыз жасайды. Антиденелер жасау үшін денеге уақыт қажет. Бұл әдетте 2-3 аптаға созылады. "Спутник V" бірінші дозасынан кейін 3 аптадан кейін екінші дозаны салдыру керек. Одан кейін 2-3 аптадан соң денеде антиденелердің жақсы деңгейі пайда болады", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети