21 сәуір 2017 14:09

Министрлік өкілдері телефондардың IMEI-кодтар базасына қалай тіркелетінін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Trend © Trend

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу жобасын құру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу жобасын құру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, 2017 жылдың шілдесінен бастап, IMEI-кодтар базасында тіркелмеген ұялы телефондар өшіріледі. "Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ұялы байланыс операторлары қатыса отырып, министрлік жанынан құрылған жұмыс тобы жылжымалы желілі абоненттік құрылғыларды тіркеу Ережелерінің жобасын жасады", - делінген Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында. 

Қазір ережелер жобасын мүдделі мемлекеттік органдар және аккредитациялық ұйымдармен келісу жүріп жатыр. Айта кетейік, ережелер жобасында қазақстандықтардың телефондары, смартфондары, планшеттері автоматты түрде тіркелетіні айтылған. 

"Абоненттік құрылғы ұялы байланыс операторының желісіне қосылған кезде IMEI-кодтар автоматты түрде тіркеледі", - дейді министрлік өкілдері. Шетелде сатып алыңған телефондар да желіге қосылған сәтте автоматты түрде тіркеуге алынады. 

Жобадағы ұялы байланыс операторлары:

IMEI-кодтар базасындағы абоненттік құрылғылардың желілік қызметін уақытша тоқтатады және (немесе) қайта қосады;

IMEI-кодтар базасына уақытша тоқтатылған, көшірмесі жасалған IMEI абоненттік құрылғылардың бары туралы растама ұсынатыны айтылған.

IMEI-кодтар базасын жасауға мемлекеттік бюджеттен қаражат алынбайтынын атап өтті министрлік өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда тіркелмеген телефондардың бұғатталатыны хабарланған болатын. "IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру туралы заңның ережесі мынандай: абоненттерді тіркеу және тіркелмеген абонент иелеріне ұялы байланыс қызметтерін қолдануға тыйым салу. Енді ұялы байланыс операторларын тіркеу 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады", - деп түсіндірген еді Kcell баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети