11 қаңтар 2017 13:47

Джейкобс Головкиннің басымдықтары жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегіне қандай жоспар құрып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегіне қандай жоспар құрып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Головкинмен жекпе-жек - спорттағы мансабымның шыңы. Атынан ат үркетін адамның қарсыласым болғанына қуаныштымын. Мен ешқашан оңай жолды таңдамағанмын, таңдағым да келмейді. Жұрт өмірін оңайлатуды сұрап, жалбарынса, мен қиын кедергілерден өтуге күш-жігер сұраймын. Головкинге дәл соққы жасау қиын емес, бірақ ол қарсыласына сытылып кетуге мүмкіндік бермейді. Оның үстіне мығым джебі бар. Менің жоспарым - өз қаруыммен оның басымдықтарын жою. Мұны қалай жасау керек екенін де білемін", - деп келтіреді The Guardian Джейкобстың сөзін.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети