01 тамыз 2019 11:51

Моңғолияда Қазақстан күні атап өтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "Шығыс" өңірлік басқару баспасөз қызметінен Сурет "Шығыс" өңірлік басқару баспасөз қызметінен

Қарулы Күштердің Біріккен орталығының мәдениет үйінде 91678 әскери бөлімінің көркемөнерпаз ұжымы майор Сартанов Ардақ басшылығымен Монғолиядағы "Аравт" халықаралық тұңғыш ат марафонына қатысушылар арасындағы бауырластық пен тату көршілік қарым-қатынасын нығайту үшін "Қазақстанның Ұлттық күні" атты мерекелік концерт ұйымдастырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Әскери халықаралық ойындар шеңберінде өткізілетін бірінші халықаралық ат марафонына қатысушылар үшін күнделікті жаттығулардан кейін қабылдаушы тарап волейболдан жарыс, Ұлан-Батыр қаласына танысу сапары, қатысушы елдердің ұлттық күндеріне арналған мерекелік концерттер өткізу сияқты әртүрлі мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруда.

"Қазақстанның ұлттық күнінде" қонақтар үшін ұйымдастырылған еліміздің мәдениетіне, тарихына және дамуына байланысты экспозиция көрмесімен, сондай-ақ ұлттық тағамдармен танысты. Ал құрама команданың негізгі құрамынан тұратын 91678 әскери бөлімінің көркемөнерпаздары, мерекелік концерт ұйымдастырды.

Майор Сартанов Ардақ, аға сержант Амантұров Азамат пен ефрейтор Сәрсенқұлов Бауыржанның орындауындағы "Елім менің" ақапелласы бірінші әуеннен концерттік бағдарламаға дұрыс ырғақты қойып, көрермендерді қызықты кеш болатына дәлел етті.

Қырғыз Республикасынан келген сайыскерлерге арналған "Адай" күйі аға сержант Амантұровтың жеңіл қолымен басқа мемлекеттерден келген көрермендерді орыннан көтеріп қол шапалақтауларына көмектесті.

Әрбір ән немесе би өзінің нақты көрерменіне ие болды, мысалы "күй" попурриі Моңғол құрамасына арналды. Ресейдің құрамасына арналған "Ассалаумагалейкум" әніне жаттығудан кейін шаршаған қатысушылар көңілі тойғанша билеуге мүмкіндік алды.

Концерттік бағдарлама соңында Қазақстан командасының басшылығы жарысқа қатысушыларға естелік кәдесыйлар табыс етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети