19 шілде 2016 18:07

Моңғолиядағы этникалық қазақтарға қолдау көрсету керек - Мәсімов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Марфуға Шапиян © Марфуға Шапиян

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы барысында мемлекеттік органдарға Баян-Өлгейде (Моңғолия) тұратын этникалық қазақтарға қолдау көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.


Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы барысында мемлекеттік органдарға Баян-Өлгейде (Моңғолия) тұратын этникалық қазақтарға қолдау көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Жалғасы

"Баян-Өлгейдегі қазақтарды қолдауға байланысты тапсырмалар бердім", - деп жазды Кәрім Мәсімов твиттердегі парақшасында.

Еске салсақ, өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Мәсімов 10 шілдеде сел көшкен Моңғолиядағы Баян-Өлгей округіндегі Өлгей қаласына барды. Төтенше жағдай нәтижесінде 100-ден астам үй қирап, 700 адам баспанасыз қалды.

Өлгей қаласындағы Қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесуде Кәрім Мәсімов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Үкіметі сел көшкінінен зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеген болатын.

Моңғолияға сапарларының және қала басшылығымен кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-Министрі қазақстандық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігіне Қазақстан - Моңғолия гуманитарлық қорын құру туралы мәселені қарау, сондай-ақ "Алтай - біздің ортақ үйіміз" экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобасын құру туралы ұсыныстарды пысықтау тапсырылды.

Бұдан өзге, Мәсімов Баян-Өлгейдегі өлкетану мұражай мен музыкалық-драма театрының саxнасын жөндеуге қаржылай көмек көрсету мәселесін зерттеуді тапсырды.

Инвестициялар және даму министрлігіне Баян-Өлгей - Алматы, Баян-Өлгей - Өскемен бағыттары бойынша әуе қатынасын ашу туралы мәселені пысықтау тапсырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне - Моңғолияда Семей ет комбинатына арнап ет сатып алу, сондай-ақ мал шаруашылығы кластерін құру мүмкіндігін қарау тапсырылды.

Сыртқы істер министрлігіне Баян-Өлгейде консулдық қызмет ашу және оған қоса Ұлан-батыр қаласында Қазақстан елшілігінің ғимаратын салу тапсырылды.

Премьер-министр сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігіне Моңғолияда тұрып жатқан этникалық қазақтардың Қазақстан ЖОО-дарында оқуына квоталарды ұлғайтуды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети