Мотоцикл мінген жасөспірім бірінші сынып оқушысын қағып кетті

17 Қыркүйек, 12:39
0
Мотоцикл мінген жасөспірім бірінші сынып оқушысын қағып кетті -

Бірінші сынып оқушысын кәмелетке толмаған оқушы мотоциклмен қағып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

10 қыркүйек сағат 20:10 да Қобда ауданында Racer 110N мотоциклінің кәмелетке толмаған 9 сынып оқушысы Әбілқайыр хан көшесі 41-інші үйдің жанында жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан мектеп оқушысын қақты", - делінген хабарламада. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бірінші сынып оқушысын Қобда аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

"Осыған орай, ата-аналарға балаларына мұқият болуды, көлік құралдарын жүргізуге рұқсат бермеуін сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай