Мұхамедиұлы Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековті медальмен марапаттады

13 Желтоқсан 2016, 18:53
0
Мұхамедиұлы Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбековті медальмен марапаттады -

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Мәдениет және спорт министрлігінде мәдениет, спорт және өнер қайраткерлерін марапатталды. Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков те марапатталды. Ал мерейтойлық медальдарды ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бұл - біздің еліміздегі өте маңызды әрі тарихи оқиғалардың бірі. Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында біздің Қазақстан тәуелсіздік жылдары бәсекеге қабілетті экономикасы бар, дамып жатқан инфрақұрылымы бар мемлекетке айналды. Әрбір азамат күнделікті еңбектене отырып, мемлекетіміздің гүлденіп, дамуына өз үлесін қосып жатыр", - деді министр.

Министрдің айтуынша, осыған дейін ҚР құрамасын жарыстан толықтай шығарып тастау мәселесі көтерілген болатын, бірақ Жанат Түсіпековтің еңбегі арқасында Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейрода өнер көрсете алды.

"Өздеріңіз білесіздер, Олипиада алдында допингке қатысты күрделі мәселе туындады, бұл жағдай Қазақстан үшін қиындық туғызды. Ол Лондон мен Бейжіңдегі өткен ойындармен байланысты. ҚР Құрамасын түгелдей жарыстан шығарып тастау мәселесі көтерілді, осы адам, Жанат (Түсіпбеков) бәрін жасады, көндірді, осы арқылы біз Риода өнер көрсете алдық. Илья Ильин мен өзге де мықты спортшылар шеттетілгенімен, Қазақстан "алтын", "күміс" және бірнеше "қола" жүлдеге ие болды", - деді Мұхамедиұлы.

Еске салайық, бастапқыда Қазақстан құрамасы сапында Рио Олипиадасына он адам баруы керек болатын. Бірақ допинг дауына байланысты ХОК екі олимпиадалық линцензияны (бір ер және бір әйел спортшының) алып қойды. Тыйым салынған препараттар Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло сияқты олимпиада чемпиондарының қанынан табылды. Төртеуі де жарыстардан шеттетілді. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Олипиадаға бармауы мүмкін деген қауіп туындаған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай