27 маусым 2017 | 13:15

Мұхамедиұлы: Еңбек демалысына шықпағаныма үш жыл болды, алып жатсам Алакөлге барамын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еңбек демалысына шықпағанына үш жыл болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еңбек демалысына шықпағанына үш жыл болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еңбек демалысына шықпағаныма, міне, үш жыл болды", - дейді министр үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Сондай-ақ, министр биыл демалысқа шыққан жағдайда қайда баруы мүмкін екенін айтты.

"Әрине, Алакөлге барамын. (...) Алакөл - ерекше жер. Онда барлық жағдайлар жасалған. Біз Алакөлдің әлемдік бренд болуын қалаймыз ғой", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, министр еліміздегі туристік аймақтарда жақсы бәсеке болған жағдайда ғана туризм арзандайтынын айтып өтті.

"Бағаны төмендетудің тек бір жолы бар - ол бәсекеге қабілеттілік. Ұсыныстар көбейген сайын баға да қолжетімді болады. Біздің мақсатымыз тек Алакөл, Балқашты дамытып қана қоймай, бүкіл Қазақстанның осындай мүмкіндіктерге қол жеткізуі. Каспий өңірінде жағажай туризмін дамытып жатыр, Қапшағай және тағы басқалары бар. Бізде таңдау болғанда ғана баға қолжетімді болады", - деді министр.

Мұхамедиұлы 2023 жылға дейін туризмді дамыту концепциясының үкіметте қабылданып қойғанын және қазіргі уақытта тек заңға сәйкес актілерді қабылдау керектігі қалғанын айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін мәдениет және спорт министрі ішкі туризм қашан арзандайтынын айтқан болатын. Оның айтуынша, Қазақстанның туристік ресурсы шектеулі болғандықтан, демалыс аймақтарының иелері бағаны әзірге түсірмейді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети