10 қазан 2017 13:43

Мұхамедиұлы: Президент қазақ әліпбиінің жаңа жобасын оңтайлы деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа латын әліпбиін ең оңтайлы деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа латын әліпбиін ең оңтайлы деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше барлық ғалым пікірлерін білдірді. Президент те, сонда отырған ғалымдар да, баяндама жасағандар да осы әліпбиді ең оңтайлы деп атады. Тағы нақты ұсыныстар болып жатса, әліпби өзгеруі мүмкін. Бірақ барлығы әліпбидің соңғы жобасын ыңғайлы деп айтқан болатын", - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл әліпбидің соңғы нақты жобасы емес. Қазіргі уақытта үкіметтегілер қоғам өкілдерінен келіп жатқан кез келген ұсынысты қарастырады.

Сондай-ақ, ол латын әліпбиінің кенеттен енгізіліп кетпейтінін айтып өтті.

Еске сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа латын әліпбиі көрсетілген болатын. "Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тәуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі әрдайым менің айрықша бақылауымда болды", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети