12 қазан 2015 15:08

Мұхтар Әблязов Ресейге экстрадицияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Ресейге экстрадицияланады. Мұндай шешімді Франция соты қабылдады, - деп хабарлайды AFP Әблязовтің қорғаушысына сілтеме жасап.


БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Ресейге экстрадицияланады. Мұндай шешімді Франция соты қабылдады, - деп хабарлайды AFP Әблязовтің қорғаушысына сілтеме жасап.

Экс-банкирді Ресейге экстрадициялау туралы құжатқа 17 қыркүйекте Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс қол қойды. Өткен аптада Әблязовке бұл шешім туралы хабарланды. Экс-банкир бұл шешімге қарсылық білдіруге ниеттеніп отыр.

Бұған дейін Францияның кассациялық сотының БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің өзін экстрадициялау туралы шешімге қатысты шағымын қабылдамағаны хабарланған болатын. Айта кетейік, қашқын банкирді беру туралы өтінішті Украина да білдірген болатын. Ресейде бұрынғы банкирге алаяқтық, жалған құжаттар әзірлеу, лауазымын асыра пайдалану, бес миллиард долларды жымқыру сияқты көптеген заңбұзушылық жасады деген айып тағылды. РФ прокуратурасы Әблязов биыл Ресейге беріледі деп күтіп отыр, себебі бұл елде оны қамауға алу туралы санкция бар.

Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып, әлі күнге дейін қамауда отыр. 2014 жылдың қаңтарында төменгі инстанциядағы сот оны экстрадициялауды қолдады, бірақ сәуір айында кассациялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Іс Лионның апелляциялық сотында қаралды, ол да банкирді беру туралы сұранымды қанағаттандыруды ұсынып, Ресейге басымдық берілетінін мәлімдеді.

Қазақстанда Мұхтар Әблязов 6 миллиард доллардан астам соманың қаржылық алаяқтығын жасады деп айыпталды. Ол өз отанында мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети