15 желтоқсан 2017 09:34

Мұхтар Алтынбаев пен Камали Дүйсембеков Қарағанды облысының құрметті азаматы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Алтынбаев пен Камали Дүйсембеков Қарағанды облысының құрметті азаматы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мұхтар Алтынбаев пен Камали Дүйсембеков Қарағанды облысының құрметті азаматы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының құрметті азаматы" атағын тағайындау мәселесі облыстық мәслихаттың ХІІІ кезекті сессиясында қарастырылды. Депутаттар ұсынылған үш кандидатураны мақұлдады.

Әкімдіктің мәліметінше, осыған дейін облыс әкімдігіне келіп түскен өтінішті комиссия қарастырған еді. Оның мүшелері ұсынылған үміткерлерге қолдау көрсетті.

"Ұлытау ауданы әкімдігінің аппараты және "Астана" Аймақтық қолбасшылығы ҚР мемлекет және әскери қайраткері, Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевқа "Қарағанды облысының құрметті азаматы" атағын тағайындау өтінішімен шыққан болатын. Атақты жерлесіміз, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2004 жылы өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкиннің кандидатурасын облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынды. Ардагерлер қоғамдық ұйымының Қарағанды облыстық филиалы Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық кавалері Камали Дүйсембековты ұсыну туралы өтініш жасады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қарағанды облысының Құрметті азаматы" атағы аймақта 2012 жылдан бері тағайындалып келеді. Бұл тізімді Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның бапкері Александр Стрельников бастаған болатын.

"Облыстың Құрметті азаматы атағы өмірбаяны аймағымызбен тығыз байланысты азаматтарға облысқа сіңірген ерекше еңбектері үшін беріледі. Марапат қоғамдық қадірді білдіреді. Атақты тағайындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне орайластырылады", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети