23 шілде 2016 15:12

Мұхтар Тайжан: Атыраудағы Сарайшық қаласын сақтап қалуымыз керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 23 шілдеде Халел Досмұхамеов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшелері халықпен кездесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін, 23 шілдеде Халел Досмұхамеов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшелері халықпен кездесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында сөз алған қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа кездесудің ұйымдастыру сапасы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Тайжан облыстағы Сарайшық аспан асты музейін сақтап қалу мәселесін қозғады.

"Кездесуді жоғары дәрежеде ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Рақмет, - деп сөзін бастады Тайжан - Атырау облысындағы "Сарайшық" аспан асты музейінің жағдайы туралы айтқым келіп отыр. Жыл сайын Жайық өзені ежелгі қаланы шайып бара жатыр. Бұл тарихи маңызы зор нысанды сақтап қалуға күш салуыңызды сұраймын".


© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Сарайшық - орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырымда жоғары орналасқан.

Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласын пайда болуын тарихшы ғалымдар 13 ғасырлардағы Шыңғыс хан мен Бату ханның шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірше белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер 14 ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети