01 маусым 2016 16:57

Мұхтар Тайжан: Мен Қытайды агрессиялық ел деп есептемеймін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қоғам қайраткері, жер жөніндегі комиссияның мүшесі Мұхтар Тайжан Қытаймен жер мәселесі бойынша қарым-қатынас туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қоғам қайраткері, жер жөніндегі комиссияның мүшесі Мұхтар Тайжан Қытаймен жер мәселесі бойынша қарым-қатынас туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қытайдан бүкіл әлем қорқады, шынымды айтсам. Бірақ мен Қытайды агрессиялық ел деп есептемеймін. Қытайларды қандай да бір жоспар құрып қойған агрессиялық халық деп есептемеймін. Меніңше, Қытай өзін әлем аренасында саудагер сияқты ұстайды. Яғни ол бізге ұсына алатын дүниесі болса - ұсынады, "сатып алу-сату" ұстанымы бойынша. Қытай зорлықпен әрекет жасамайды, жерді басып алмайды. Қытаймен қандай байланыс орнататынымыз өзімізге байланысты. Егер оған жер сатқымыз келсе, жалға бергіміз келсе, құдай бетін аулақ қылсын, әрине, бұл оның көңілінен шығуы мүмкін. Бірақ ол бұл әрекетке зорлықпен бармайды. Біз оған мұны ұсынамыз ба, ұсынбаймыз ба - осыған байланысты. Себебі мен керісінше, Қытайға жерді жалға беру туралы бастаманы Қытай емес, өзімізден шығарып отырғанын естідім. Сондықтан, біздің қалай әрекет ететініміз өте маңызды", - деді Тайжан Алматыдағы баспасөз мәслихатында.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның жалпы жұмысын Мұхтар Тайжан оң бағалап отыр. "Жұмысымыздың нәтижесі жақсы болады деп сенемін. Себебі бұл тұжырымым комиссия жұмысымен негізделген. Қазір халық комиссияға зор үміт артып отыр, білемін. Мораторий жарияланды, қауіп жоқ, заң тоқтатылды. Қазіргі уақытта комиссияыздың қандай сапалы жұмыс істейтініне байланысты", - деп атап өтті Тайжан.

Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы мен ауылдардың дамуына Ұлттық қордың қаражатымен қолдау көрсетуді ұсынды. 

"Біз, әрине, жерді қауіптен сақтауымыз керек - бұл минимум бағдарлама. Максимумы - біз ауылдар мен ауыл шаруашылығының дамуына қарқын беруіміз тиіс. Сондықтан шаруаларымызға, жерде жұмыс істейтін, өмір сүретін адамдарға қаржылай көмек көрсетудің жақсы жолдарын ойлап табуымыз керек. Ол жақта жұмыс істейтін адамдарға өзіміз көмектесе алар болсақ, сырттан инвестиция тартып не қажеті бар? Бізде 60 миллион доллар Ұлттық қорда жатыр. Бұл ресми мәлімет. Егер біз банк жүйесіне көмектессек, ауыл шаруашылығына неліктен көмектеспеуіміз керек? Мұнда мәселе шаруаларға қаржылай көмек жайлы ғана болып отырған жоқ, техника, химия және сол сияқтылар жайлы. Бірақ әлеуметтік жағдайда да, яғни медициналық көзқараспен қарағанда сіздер көптеген ауылда медициналық орталықтардың жабылғанын білесіз, онда қарапайым ұялы телефон жоқ, газдандыру жұмыстарын жүргізе алатын жолдар, жарық пен Интернеттің де жоқ. Ауылдағы өмір қаладағы өмірден нашар болмауы керек", - деді Мұхтар Тайжан.

Еске салайық, Астанада 28 мамырда жерді шетелдіктерге және заңды тұлғаларға беру мәселесі туралы жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өткен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети