Мұнай бағасы 50 доллардан төмен болғанда теңге бағамы өзгеруі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©lsm.kz ©lsm.kz

Мұнай бағасы бұдан әрі төмендей берсе, теңге бағамында біртіндеп өзгеріс болады деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мұнай бағасы бұдан әрі төмендей берсе, теңге бағамында біртіндеп өзгеріс болады деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап.

"Егер мұнай бағасы 50 доллардан төмен түссе, жағымсыздау сценарийлерді жүзеге асырамыз. Ондай жағдайда теңгені ауыстыру бағамында бірқалыпты өзгеріс болады деген болжам бар. Бұл жердегі әңгіме айырбас бағамы дәлізінің кеңеюі арқылы мұнай бағасының төмендеуі мен жылдық орташа баға туралы айтылып отыр", - деп түсіндірді Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Алайда ол қазіргі таңда ондай алғышарттың жоқ екенін айтты. "Қазіргі таңда макроэкономикалық алғышарттар жоқ, сонымен қатар қазіргі дәліз біздің дәл сол жерде болуымызға мүмкіндік беріп отыр - доллар бүгін 185 теңге тұрады", - деді Келімбетов.

Айта кетейік, 11 ақпан күні Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Келімбетов Қазақстанда бірсәттік девальвация болмайды деп мәлімдеген еді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды теңге бағамының өзгерісі туралы қауесеттерге сенбеуге шақырды. "Бүгін Ұлттық банктің төрағасы бұл мәселелерді шешу үшін барлық шаралар жасалып жатқанын баяндады. Оған сенбеуге негіз жоқ", - деді Мемлекет басшысы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer