07 сәуір 2014 12:46

Мұнайдың басым бөлігі Италияға тасымалданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото dknews.kz сайтынан Фото dknews.kz сайтынан

2013 жылы Қазақстан мұнайдың басым бөлігін Италияға жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап. 


2013 жылы Қазақстан мұнайдың басым бөлігін Италияға жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап. 

"Бүгінде Қазақстан өз мұнайын әлемнің 30 мемлекетіне тасымалдайды. 2013 жылдың мәліметіне сәйкес, қазақстандық мұнай экспортының басым бөлігі - 27 пайызы Италияға тиесілі. Одан кейін Қытай - 17 пайыз, Нидерланды - 13 пайыз, Франция - 9 пайыз және Австрия 7 пайызбен келеді", - деді бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында Қарабалин.

Министрдің айтуынша, өткен жылы Каспий құбыр консорциумы бойынша тасымалданған мұнайдың көлемі 28,7 миллион тоннаға жеткен. Бұл жалпы экспорттың 40 пайызын құрап отыр. Атырау - Самара бағыты бойынша 15,4 млн. тонна (21 пайыз), Атасу - Алашанькоу бағытында 11,8 млн. тонна (17 пайыз) мұнай тасымалданды. "Ал Ақтау порты арқылы мұнайдың 6,3 млн. тоннасы, яғни жалпы экспорттың 9 пайызы, Орынбор газ өндіру зауытына - 856 мың тонна конденсат, бұл шамамен 1 пайыз, сондай-ақ темір жолмен мұнайдың 9 миллион тоннасы (12 пайыз) тасымалданды", - деп атап көрсетті Ұ.Қарабалин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети