11 мамыр 2017 11:38

Мұндай жобаларға ақша үнемдеуге болмайды - министр Абаев "Мен қазақпын" жобасы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі "Мен қазақпын" жобасын қаржыландыру мәселесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі "Мен қазақпын" жобасын қаржыландыру мәселесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

11 мамырда Астанада Дәурен Абаев "Қазақстан" РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қаринмен бірге халылықаралық "Мен - қазақпын" жобасының іске қосылғаны туралы жариялады. Жаңа жоба барысында ұлттық аспапта халық әндерін орындаудан байқаулар өтеді. 

Брифинг барысында БАҚ өкілдері жобаға қанша қаражат жұмсалатынын сұраған. "Әрине, негізгі қаржыландыру телеарнаның өзінен болады. Демеушілерді тартамызда шығармыз. Әзірше өзіміздің қаражатқа сеніп отырмыз. Мен әзірше жобаға қанша сома қажет екенін айта алмаймын. Бастапқы жобаланған нұсқадан сәл арзанға түседі, себебі біз аутсорсинг компанияларынсыз өткізуді және тек телеарнаның шығармашылық күшімен қолға алуды жоспарлап отырмыз", - деді Ерлан Қарин. 

Өз кезегінде ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осындай жобаларға ақша үнемдеудің қажет жоғын жеткізді. 

"Сіздерге тақырып ойлап тауып берейін. Сіздер министр Абаев осы жобаның қымбатқа түсті деп мәлімдеді деп жазуларыңызға болады. Негізінде мұның арзан дүние болғанын қаламаймын. Мүмкіндік болса демеушілерді тарту қажет. Мүмкіндік болса осы жобаға атсалысқан барлық қызметкерге жақсы қаламақы төленгенін қалаймын", - деді Дәурен Абаев.

"Кейбір дүниелерде үнемдеуге болмайды. Мүлдем үнемдеп қажет емес. Мұның сапалы шыққаны дұрыс! Барлық журналист қолдайтын жақсы жобаны жасайық. Құнына келер болсақ - оның қанша тұратынын да білмеймін. Осы жоба айтылғанда мен қос қолдап қолдадым", - деді ол. 

"Мен - қазақпын" жобасына тек қазақстандықтар ғана емес, Ресей, Қытай, Моңғолия және Алтайдан қазақ тілінде еркін сөйлейтін музыканттар қатысады. 

Жобаны мақсаты - жастар арасында халық әндерін кеңінен насихаттау. Әр өңірде арнайы іріктеу турлары өтеді (терме, күй), ал ең мықтылары Республикалық телебайқауға қатысады. Қазылар алқасының құрамында еліміздің белгілі музыканттары мен орындаушылары болады, олар ең мықты деген қатысушыларды таңдайды. 

Байқауға 18-40 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады, олар домбырамен, қобызбен, сырнаймен өнер көрсетеді. Жеңімпаздар Астанада жиналады, оларға арнайы мадақтама мен арнайы сыйлықтар беріледі. Олар мынадай аталымдар бойынша жеңімпаз атана алады: "Дәстүрлі орындаудан жыл үздігі", "Терме орындаудан жыл үздігі", "Күй шертуден жыл үздігі".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети