30 наурыз 2014 20:06

Мұрағатшылар Павлодар облысының 5 мыңнан астам ҰОС ардагерлерінің аты-жөндерін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет pavlodarnews.kz сайтынан Сурет pavlodarnews.kz сайтынан

Мұрағатшылар Павлодар облысының 5 мыңнан астам Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдарының аты-жөндерін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Халел Әкімхановқа сілтеме жасап.


Мұрағатшылар Павлодар облысының 5 мыңнан астам Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдарының аты-жөндерін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақтың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Халел Әкімхановқа сілтеме жасап.

Мамандар алыс және жақын шет елдердің бұрын құпия болған құжаттары мен мұрағаттарын қарап шығуға рұқсат алып, көптеген беймәлім адамдардың аты-жөндерін анықтай алды. «Біз бес мыңнан астам адамдардың аты-жөндерін анықтай алдық, бұрын олардың тағдырлары мүлде белгісіз болған. Жерлестеріміз туралы мәліметтерді РФ Қорғаныс министрінің орталық мұрағатының «Мемориал» қоғамдық базасымен жұмыс жасай отыра жинай алдық. Сондай-ақ бізге "Саксон мемориалы" қоғамдық ұйымының қызметкерлері көмектесті. Олар Германия аумағында қайтыс болған 9 мың қазақстандықтың аты-жөні жазылған тізіммен жұмыс жасауымызға жағдай туғызды. Сонымен қатар, біз Беларусь пен Финляндияның ұлттық мұрағаттарында болдық, Ресей мен Татарстанның іздеу отрядтарымен жұмыс жасадық. Мұның бәрі бізге Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлықтар жайлы көлемді ақпарат жинауға мүмкіндік берді», - деді Әкімханов.

Мұрағатшылар адамдардың аты-жөндерінің нақты санын кесіп айта алмай отыр. Себебі тізімдерде қашқындар мен сатқындар да бар. «Біз төртінші жыл болды, осы жұмысты жүргізіп жатырмыз, әрі әрдайым жаңа мәліметтер табылып жатыр. Себебі есепке алынбаған адамдар өте көп. Мысалы, соғыс басталғанда павлодарлық азамат Алматыда болған, ал ол майданға сол жақтан кеткен. Осылай, ол Алматыдан болып саналған. Хабарсыз кеткендерді әскери тұтқындар немесе құпия құжаттар тізімдерінен тауып жатырмыз, мұндай жағдайлар өте көп», - деп қосты Әкімханов.

Оның айтуынша, 99 пайызы тұрғылықты халықтан жасақталған, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизиясында соғысқан адамдар жайлы құжаттар ұзақ уақыт бойы құпия таңбасымен сақталып келген. Харьков түбінде қаза тапқан, 6-шы Ковалерия дивизиясы жайлы мәліметтер де құпия сақталған.

Мұрағатшылардың айтуынша, Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлықтардың жаңа аты-жөндері «Боздақтар» кітабының төртінші томына енгізіледі. «Жаңа тізімге концлагерлерде қаза тапқандардың, партизандардың бәрінің аты-жөндері қосылған. Сондай-ақ, бұрын жарық көрген томдарда ҰОС қатысқан адамның қайда, қай полкте, ротада, батальонда қызмет еткені, қай майданда соғысқаны көрсетілмеген болатын. Ол кезде көп нәрсе жасырын болды ғой. Жаңа басылымда біз бұл деректердің бәрін көрсетеміз», - деп мәлімдеді Әкімханов.

Қосарымыз, бұрын павлодарлық мұрағатшылардың оққа ұшқан, хабарсыз кеткен, жараланып қайтыс болған 22 мың павлодарлықтар жайлы деректері болған. Ресми деректер бойынша, Павлодар облысынан майданға 46 мыңнан астам адам аттандырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети