Мұратхан Тоқмәдидің ұсталған сәтінің суреті пайда болды

09 Наурыз 2018, 13:25
0
Мұратхан Тоқмәдидің ұсталған сәтінің суреті пайда болды -

Қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткеннен кейінгі суреті пайда болды. Сурет ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

 

Осыған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуы жайлы пікір білдірген еді.

"Мұратхан Тоқмәди жүргізілген шаралар барысында жедел түрде ұсталып, Жамбыл облысындағы 158/1 мекемесіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақыттаТоқмәдидің қалай және не себепті қашып кеткені анықталып жатыр", - делінген еді ҰҚК хабарламасында. 

Ал бүгін бизнесменнің ұсталғаны жайлы мәлімет таралған еді. Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері растаған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тоқмәди Тараздағы №1 ықшамауданда ұсталды.

Ал кеше, 8 наурызда әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралған еді. "08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған", - делінген еді хабарламада. 

Осыған дейінгі сот отырысында бизнесмен өз кінәсін мойындаған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай