Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды

04 Наурыз 2014, 13:36
0
Аслан Мусин. ©Нұрғиса Елеубеков
Аслан Мусин. ©Нұрғиса Елеубеков
Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтындағы хабарламада.

Бұған дейін 60 жастағы Аслан Мусиннің ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Оған дейін, 2008-2012 жылдары ол ҚР Президенті Әкімшілігін басқарды. Аслан Мусин саяси карьерасын Ақтөбе облысының әкімі (1995-2002жж) болып бастады, одан кейін Атырау облысына әкім болды. 2006 жылы Мусин ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2007 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметтерін атқарды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай