29 қаңтар 2014 11:47

Мүсілім Әмзе дирижерлік еткен концерт CD жинаққа енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мүсілім Әмзе Мүсілім Әмзе

Белгілі дирижер Мүсілім Әмзенің "Сырлы саз" атты концертінің CD нұсқасы жарыққа шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мүсілім Әмзе - Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің және ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері. "Сырлы саз" атты концерт қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының залында өткен жылдың қазан айында өткен болатын. Халық музыкасының танымал өкілдері қатысқан кеш бағдарламасы енді аудиожинақ түрінде шығып отыр. Жинаққа "Отырар сазы" орындаған Құрманғазының «Ақбай», Сүгірдің «Бозінген» күйлерімен қатар, дәстүрлі әншілер Айгүл Қосанова, Жақсыгелді Маясаров айтқан халық әндері енген. Сонымен бірге, Евгений Брусиловский, Кенжебек Күмісбеков, Нұрғиса Тілендиев, Жұматай Тезекбаев, Айтқали Жайымов, Жоламан Тұрсынбаев, Ермұрат Үсенов, Қайырғазы Төлен сияқты қазақ композиторларының, әзірбайжан композиторы Андрей Бабаевтың, татар композиторы Сервер Какураның шығармалары бар. "Бұл - алғашқы СD жинағым, оны дыбыс режиссері Мақсат Мұхитдинов өңдеп берді, дизайнын Күлайна Сәрсенова жасап шығарды. Мұнда студиялық жазбадан гөрі оркестрдің залдағы табиғи үнін сол қалпында беруге тырыстық. Жинақ мұқабасының ішкі бетіне ақын Шөмішбай Сариевтің сол кеште айтқан ағалық тілегін естелік ретінде қалдырдық", - дейді Мүсілім Әмзе. Айта кетейік, бұған дейін 2012 жылы дирижердің «Сырлы сарын» және «Ғасырлар пернесі» атты халық музыкасынан тұратын екі концерті, 2013 жылы бір симфониялық концерті DVD жинақ түрінде шыққан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети