08 желтоқсан 2014 13:06

Мүсілім Өмірияев колонияға жаза өтеуге жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мүсілім Өмірияев жазасын өтеуі үшін Астана қаласындағы колонияға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі айыпталушының қорғаушысы Владимир Русинге сілтеме жасап.


Мүсілім Өмірияев жазасын өтеуі үшін Астана қаласындағы колонияға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі айыпталушының қорғаушысы Владимир Русинге сілтеме жасап.

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияевтің адвокаты оның жақында Астана қаласындағы колонияға жіберілгенін хабарлады. Владимир Русиннің айтуынша, Өмірияв енді апелляциялық алқаға арыз жазады, соңғы шығарылған шешім арыздану құқын қалдырған болатын. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 16 қазанында Астана қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Мүсілім Өміриявті ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы 5-бөлігі - аса ірі көлемде пара алды деп айыптап, 10 жыл бас бостандығынан айырған болатын, сондай-ақ мүлкін тәркілеуге үкім кесті.

Кейін Өміриявтің қорғаушысы айып іске қатысты материалдармен сәйкес келмейді деп қарсы арызданған болатын. Бірақ апелляциялық арыз қайта қаралмады.

2013 жылдың 21 желтоқсанында Мүсілім Өмірияев аса қомақты мөлшерде, 100 мың доллар сомасында пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Сол уақытта тергеу жоғары лауазымды шенеуніктің Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген мемлекеттік сатып алу конкурсында алматылық кәсіпкерге көмектескен деген нұсқаны ұсынған. Бірақ Өмірияев өзіе тағылған айыптарды мойындамады.

Айта кетейік, сот отырысына куәгер ретінде оның әріптестері қатысқан, олар ведомство үшін оның қамауға алынғаны күтпеген жағдай болғанын мойындады. Тіпті ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің өзі де өз құзырындағы адамның кінәлі екеніне сенбеген. Қаржы полициясы Мүсілім Өмірияевті қамауға алған соң Асылжан Мамытбеков әлеуметтік желідегі жеке парақшасына болған жайтты арандату деп санайтынын жазды. Бірақ егер сот Өмірияевтің ісін дәлелдесе отставкаға кететінін айтты.

Мамытбеков өзі жайлы айта отырып, қанша қымбат болса да, жұмыс орнын босатуға дайын екенін мәлімдеді. "Мен жұмыстан кетуге дайынмын ба? Иә - деп жауап беремін. Мен сенімімді жоғалтқан кезде жұмысымнан кетуге әзір боламын (мен Өмірияв тұтқындалғалы бері жұмысымнан екі мәрте босатылдым - 2014 жылы министрлер кабинеті тарағанда және тамыз айындағы үкіметті оңтайландыру кезінде)", - деп жазды Ауыл шаруашылығы министрі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети