11 маусым 2015 17:01

Муз-ТВ жүлдесін ұйымдастырушылар "Астана Арена" шатырының тесік екенін білген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

"Астана Арена" директоры Бауыржан Мұқашев Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап беріп, Муз-ТВ жүлдесін табыстау кезінде спорт кешенінің шатырынан судың ағу себептерін атады.


"Астана Арена" директоры Бауыржан Мұқашев Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап беріп, Муз-ТВ жүлдесін табыстау кезінде спорт кешенінің шатырынан судың ағу себептерін атады.

"Астана Арена" спорт кешені шатырының жылжымалы бөлігі мөлдір түсті поликарбонат панелінен жасалып, металл тірекке бекітілген. Судың ағу себебі - қыста жүргізілген қар тазалау жұмыстары кезінде поликарбонаттың бір қабатына зақым келген. Төбе жабындысы жыл сайын жазда, шатыр ашылған кезде жөндеуден өтеді", - деп түсіндірді Мұқашев.

Оның айтуынша, төбе жабындысындағы зақымданған поликарбонаттың бір қабатын ауыстыру мен бекіту, гидроизоляциялық материалдармен (ойықтарды, тесілген жерлерді, жалғап тұрушы жапсарлардың ажырап кеткен тұстарын) өңдеу жұмыстары шілде айына жоспарланған.

"Муз-ТВ жүлдесін ұйымдастырушыларға бұл жағдайдың барлығы ескертілген. Біз бұл мәселені шешуге және бұдан былай ондай жағдайды болдырмауға қатысты шараларды қолға аламыз", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, 5 маусымда Астанада өткен Муз-ТВ жүлдесі ауа райының қолайсыздығына байланысты кеш басталды. Жүлде жүргізушілері көрермендерден тарқап кетпеуді сұрады, олар жаңбырдың басылғанын айтты, "Астана Арена" стадионының көрермендері шатырдың тесік болуы салдарынан су астында қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети