Мұзда қалған 3 жасөспірім құтқарылды

30 Наурыз 2014, 11:17
0
Сурет. РИА НОВОСТИ©
Сурет. РИА НОВОСТИ©

Мамандар Павлодар облысындағы Ертіс өзенінде селге тап болып мұз үстінде қалып қойған 3 жасөспірімді құтқарып қалды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Қазақстан ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

29 наурыз күні Ақсу маңында 16-17 жасар жасөспірімдер селден құтқарылды. Оларға дер уақытында аймақтың судан қорғау қызметі қол ұшын созған. Жеңіл жарақат алған балаларды Жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізген. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөлде мұз үстінде қалып кеткен 15 балықшы құтқарылған болатын. Олар бес бірдей жеңіл автокөлікпен адасып қалған-ды. Сондай-ақ, балықшылар боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан жолдан адасып, жағаға шыға алмай қалған айтқан еді.  


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай