10 қыркүйек 2018 09:06

Музей, көрме, тарихи орындар. Оқушылар жаңа пәнді қалай оқиды?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған сурет Видеодан алынған сурет

Қазақстан мектептеріндегі жаңа "Аймақтану" пәнінде балалар музей, көрме және тарихи орындарға барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 


Қазақстан мектептеріндегі жаңа "Аймақтану" пәнінде балалар музей, көрме және тарихи орындарға барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Маңғыстаудағы ауыл мектептерінің бірі жаңа пәнді меңгеруге дайын. Құрылған киіз үйде оқушылар бөлме бұйымдары мен тұрмыс құралдарымен таныса алады. 

"Оқу бағдарламасына "Аймақтану" пәні кіргеніне өте қуаныштымын. Маңғыстауда Қазақстанның тарихи ескерткіштерінің үштен бірі орналасқан. Бұл аймақты ашық аспан астындағы музей деп бекер атамаған. Сол себептен мұндай көп ақпаратты мектеп кітабына сыйғызу қиын. Енді оқушылар кішкентайынан өз жерінің тарихы мен мәдениетін білетін болады", - дейді № 3 орта мектебінің директор орынбасары Баянды Күміс Тобышева.

"Аймақтану" пәні бірнеше бағытты қамтиды: музыка, әдебиет, аймақ географиясы мен көркемөнер. Оқушылар өз өңірін тек кітаптан емес, музей, көрме, тарихи орындар арқылы үйренеді. 

Маңғыстау облысында мұндай кітаптар шығарылып қойды, енді жақын арада мектеп кітапханаларына таратылады. Оқулықты бірнеше автор жазыпты, ал материал таңдауға ғалымдар, өлкетанушы, археолог, музей қыметкерлері мен мұғалімдер тартылған. 

"Аймақтану" пәнін 5-7-сынып оқушылары оқиды. Оғын жылына 20 сағат бөлінді. Пәннің басты ерекшелігі - әр аймақ өзінің кітабы бойынша оқиды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети