03 қаңтар 2019 11:03

"Мы братва, банда" - Атышулы видеодағы полицей жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қарағандыда мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жоғарғы шенді полицей жұмыстан босатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандыда мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жоғарғы шенді полицей жұмыстан босатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тәртіптік комиссияның шешімімен Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары А.Р. Тастайбеков мемлекеттік қызметтің беделін түсірген қылығы үшін ішкі істер органдарынан теріс пиғылмен  жұмыстан босатылды. Сонымен қатар, оның тікелей басшысы мен оқу орнының басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Алмас Сәдубаев. 

Еске салайық, Шенді ер адамның өз әріптестерін 2019 жылмен құттықтау видеосына қатысты ІІМ өкілдері пікір білдірді. Таралып жатқан видео Қарағандыдағы ҚР ІІМ академиясында түсірілген. Видеода сөйлеп тұрған - бірінші курс басшысының орынбасары өз әріптестерін құттықтаған. 

"Мұны (видео - авт. түсіндірмесі) 2018 жылы 31 желтоқсанда Қарағандыдағы ІІМ академиясында бірінші курс басшысының орынбасары түсірген. Осыған қатысты, қызметтік тексеріс жүгізіліп жатыр, соның нәтижесінде осы қызметкер және оның басшылары қатаң тәртіптік жазаға тартылады, оның ішінде жұмыстан босатылу туралы шешімі де бар", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Казаxстан | НОВОСТИ ДНЯ 24/7 (@today_kz)

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети