20 қыркүйек 2019 14:21

Мыңдаған алматылық жарықсыз қалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мыңдаған алматылық жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді


Мыңдаған алматылық жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді

"Нұркент 1-2 және Алмалы ықшамаудандарындағы жағдай туралы. 20 қыркүйекте Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жаңадан салынып жатқан мейрамхана жанында жер асты жұмыстарын жүргізу кезінде Нұркент 1-2 (Атлеттер ауылы), Алмалы ықшамаудандары мен №201 мектеп пен балабақшаны электр жарығымен қамтамасыз ететін кабель зақымданған", - делінген хабарламада.

Соның салдарынан 5365 жеке және 44 заңды тұлға жарықсыз қалған. Апатты жоюмен "АЖК" АҚ-ның 3 арнайы техникасы және 5 жұмысшы айналысуда. Кешкі сағат 19.00-де электр жарығы қайта беріледі. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети