09 мамыр 2018 13:13

Мыңдаған алматылық "Мәңгілік полк" шарасына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Мыңдаған алматылық "Мәңгілік полк" шарасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мыңдаған алматылық "Мәңгілік полк" шарасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

\

Шара "Астана" алаңында басталды. Шараның бағыты - Төле би көшесінен Достық даңғылына дейін, Достық даңғылынан Қазыбек би көшесіне дейін. Қатысушылар сол жақтан 28 гвардияшыл- панфиловшылар саябағына барады.

Алматылықтар "Мәңгілік полк" шарасына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің портреттерін алып шықты. Кейінірек барлығы 28 гвардияшыл- панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Жеңіс күнін тойлап жатыр. Еліміздің барлық өңірінде Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің қатысуымен түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Ресми мәліметтерге қарағанда, бүгінде республикада 2 067 Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері (1494 Ұлы Отан соғысы қатысушылары,573 Ұлы Отан соғысы мүгедектері), 39 723 оларға теңестірілген адамдар (22 649 ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, 17 074 ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер), 166 700 Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар (оның ішінде 140 606 тыл еңбеккерлері) тұрып жатыр.

Сондай-ақ, осыған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети