22 тамыз 2017 11:38

Наннан тірі құрт табылды - Желі қолданушылары видео таратып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде бөлке наннан шықты делінген құрттың видеосын таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде бөлке наннан шықты делінген құрттың видеосын таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Фолловерімізден: Алматыда наннан құрт шықты", - делінген видеоның сипаттамасында.

Наубайханадағылар тірі құрттың дайын нанның ішінде болуы мүмкін емес деп отыр.

"Ойлап қараңыздар, нан 250 градуста піседі, тірі болуы мүмкін емес. Оның үстіне бұл ұн құрты емес, алма құрты. Ұн құрты мүлдем басқа, 250 градуста тірі қалуы мүмкін емес", - деді "Алматы НАН" комбинатының өндірістік жетекшісі Галина Харина. 

Ол компанияның 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және мұндай жағдай бірінші рет болып тұрмағанын айтты, сол кезде біреулер нанға алма құртын салып, компаниядан ақша талап етіпті. Сол кезде мамандар бұл айыптаудың негізсіз екенін дәлелдеген. 

"Наннан бірдеңе табылса, клиенттер бізге келеді, біз дереу тексеріс жүргіземіз. Абырой болғанда, мұндай жағдай сирек болады, мұнда бәрі ереже бойынша", - деді Гулина Харина. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети