17 наурыз 2017 16:52

Нәрестені сөмкенің ішіне салып, көшеге тастап кетті: Шымкенттегі эксперимент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте әлеуметтік эксперимент өткізілді. Жергілікті TVK телеарнасы қала тұрғындарының жас ананың көше бойында жаңа туылған баласын сөмкенің ішіне салып жол бойына тастап кеткеніне қалай әрекет ететінін тексеріп көрді. 


Шымкентте әлеуметтік эксперимент өткізілді. Жергілікті TVK телеарнасы қала тұрғындарының жас ананың көше бойында жаңа туылған баласын сөмкенің ішіне салып жол бойына тастап кеткеніне қалай әрекет ететінін тексеріп көрді. 

"2017 жыл Қазақстанда балаларды тастау оқиғаларының жиілеп кету жағдайымен есте қалады. Көкек аналар ОҚО-да босана салысымен нәрестені тасжолдың үстіне немесе ала сөмкенің ішіне тастап кеткен жағдайлар тіркелген. Осындай жағдай Алматыда да болған, онда жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын қыз жатақхана бөлмесінде босанып, баланы қоқыс жәшігіне тастап кеткен", - деді телеарнадағылар. 

Телеарнадағы "Неравнодушные" бағдарламасының ұжымы эксперимент жүргізді, соның нәтижесінде олар қалалықтардың көкек анаға қалай қарайтындарын білді. Ала сөмкенің ішінен жылаған баланың даусы шығып жатады.  

Қорытындысы жақсы - шымкенттіктер көшеде тасталған сөмкелерге алаңдап, қарайтын болған. Екінің бірі баланың жылап жатқан даусына қарай жүгірген. Экспериментте қарапайым қуыршақ қолданылды", - дейді телеарнаның тілшілері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети