15 наурыз 2016 11:23

Наурыз мейрамында Алматыда мерекелік шаралар өтетін орындар белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© www.almatymadeniet.kz © www.almatymadeniet.kz

Наурыз мейрамында алып шаһардағы негізгі мерекелік шара Астана алаңында өтеді. Онда таңғы сағат 10.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін әртүрлі мерекелік бағдарлама болады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Наурыз мейрамында алып шаһардағы негізгі мерекелік шара Астана алаңында өтеді. Онда таңғы сағат 10.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін әртүрлі мерекелік бағдарлама болады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін аралап, эстрада жұлдыздарының концертін тамашалай алады. Алаңда ұлттық дәстүрлерді ұлықтайтын қызықты бағдарламалар өтеді. Биылғы Наурыз мейрамы Алматының мыңжылдық мерейтойына арналған "Мыңжылдық мереке" топтамасының бастауы болмақ. Ал, бас мерекеге келе алмаған жұрт шараны тұрғылықты жері бойынша тамашалай алады. Ұлыстың ұлы күнін қаланың барлық аудандары атап өтпек.

Алматы қаласындағы мерекелік шаралардың уақыты мен өтетін орны:

Алатау ауданы - сағат 10.00. Аудандық әкімдік ғимаратының алды

Алмалы ауданы - сағат 10.00 Астана алаңы

Әуезов ауданы - сағат 10.00 Момышұлы көшесінің бойында

Бостандық ауданы - сағат 11.00 "Мега" сауда орталығының алды

Жетісу ауданы - сағат 11.00 "Максима" сауда орталығының алды

Медеу ауданы - сағат 11.00 Оқушылар сарайының алаңы

Түрксіб ауданы - сағат 11.00 С.Сейфуллин атындағы саябақ

Наурызбай ауданы - сағат 11.00 №188 мектептің алды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети