21 наурыз – Ынтымақ күні. Наурыз – түрлі ұлт пен мәдениетке жататын адамдардың басын қосатын мейрам. 130-ға жуық этнос өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстанда бұл күн достық, сыйластық пен ауызбіршіліктің маңызын айшықтай түседі.
Адамдар жиналып, бір-бірінің салт-дәстүрлерімен танысады, түрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып, ортақ мерекені бірге тойлайды. Елдің түкпір-түкпірінде этнофестивальдер, концерттер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Адамдар жиналып, бір-бірінің салт-дәстүрлерімен танысады, түрлі ұлттық тағамдардың дәмін татып, ортақ мерекені бірге тойлайды. Елдің түкпір-түкпірінде этнофестивальдер, концерттер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қазақстанда Наурыздың бір күн ғана емес, тұтастай онкүндікке созылатын думанды мейрам екенін білуші ме едіңіз? Әрбір күн Ұлы Даланың мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін белгілі бір тақырыпқа арналады. Tengrinews.kz пен Yandex Qazaqstan бірлесе отырып, Наурыз мейрамының қалай тойланатыны және бұл күндерге қатысты салт-дәстүрлер жайында пайдалы мәліметтер дайындады.
Бұл күні не
Дастарқан жаяды, Қазақстанда тұратын этностардың ұлттық тағамдарынан дәм татады.
Түрлі этностардың әдет-ғұрыптары мен рәсімдерін зерттейді.
Ұлттық фестивальдерге қатысып, түрлі халықтардың мәдениетімен жақынырақ танысады.
Яндекс Нейромен Іздеу деген не?
Яндекс Нейромен Іздеу үлкен генеративті модельдер мен іздеу жүйесінің мүмкіндіктерін біріктіреді. Нейрожелілер пайдаланушының сұрағына жауап беру үшін интернеттегі барлық қолжетімді ақпаратты зерттеп, қажетті дереккөздерді таңдап, табылған материалдарды оларға сілтеме бере отырып, қысқа, әрі нұсқа бір хабарлама түрінде шығарып береді. Осылайша, пайдаланушылар әдетте бірнеше сайтты ақтаруды қажет ететін тақырыптар бойынша ақпаратты одан да тезірек таба алады. Яндекс Нейромен Іздеу iOS пен Android-қа арналған «Яндекс с Алисой» және «Яндекс Браузер» тегін қосымшаларында, сондай-ақ, yandex.kz сайтында қолжетімді.
Алиса - Яндекстің ақылды құрылғыларына, қосымшалары мен сервистеріне енгізілген виртуалды көмекші. Ол сұрақтарға жауап бере алады, музыка іріктеп, күнделікті шаруаларға көмектеседі, ақылды үйді басқарады және бұл оның мүмкіндіктерінің бір бөлігі ғана. Алисамен орыс тілінде де, қазақ тілінде де сөйлесуге болады. Бұл функцияны қосымшалармен қатар, Мини Станцияда, Макс Zigbee-мен, Станция 2, Мини сағатымен, Мини, Лайт және Макс станцияларында қосуға болады. Бұл үшін «Дом с Алисой» қосымшасына кірсеңіз болғаны, содан соң колонканы таңдайсыз, кейін - баптауларда «Көмекшінің тілін таңдау» түймесін басып, «Қазакша + Русский» таңдау керек.
Алиса қайда тұрады?
Алиса, бауырсақтың рецептін айтып берші
Бауырсақтың дайындалу жолын түсіндіріп береді.
Бұған дейін айтылған тақырып
Алиса, Наурызға құттықтау ойлап тапшы
Жақындарымызды әдемі құттықтауға көмектеседі.
Наурыз айында жеті саны нені білдіреді?
Жеті санының мәні мен қазақ мәдениетіндегі маңызы туралы айтып береді.
Яндекстің басты бетіндегі Барыс
Ойын түрінде кімге қонаққа баруға болатынын ұсынады.
Серіктестік материал
© TengriNews, 2025