Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Наурызбек, Наурызгүлдер дүниеге келуде

20 Наурыз 2014, 11:54
0
Қазақстанда балаларға Наурыздың құрметіне ат қойылуда Фото РИА
Қазақстанда балаларға Наурыздың құрметіне ат қойылуда Фото РИА
Наурыз мерекесінің құрметіне қазақстандық ата-аналар жаңа туған балаларына наурызға қатысты есімдер қоюда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР статистика агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Мерекелік" есімдер 2013 жылы 22 наурызда дүниеге келген 25 балаға берілген. Жаңа туылған нәрестелердің жетеуі Наурыз, тоғызы Наурызбек, алтауы Наурызбай, үшеуі Наурызғали, Наурызхан, Наурызгүл болып аталған.

Наурызға қатысты жаңа туған балаларға ат қоюдан Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облысы алда келеді. Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында 3 балаға, Ақтөбе, Атырау облыстарында 2 бөбекке осындай есімдер қойылған. Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында бір-бір бала наурызға қатысты есім иеленген.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады. 22 наурыз күні қалаларда мерекелік концерттер өтеді. Мысалы, алматылықтар үшін JCS тобы ән шырқайды Nomad каскадерлік тобы өнер көрсетеді. Сондай-ақ Алматының әр ауданы Наурыз тойын өзінше тойлатады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай